378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алтай өңірінде металды балқытатын тастан жасалған пеш табылды

  • 379
  • UPD: 23:25, 01.02.2019

Көне дәуірде кен өндіру мен оны балқытып өнім жасау адамзат өркениетін жаңа деңгейге көтерді, деп жазады «Хабар 24» тілшісі.

Оған археологтартардың зерттеуі дәлел. Көне қорғандардан түрлі пішінде миллиметрлік өлшеммен жасалған заттар табылған. Бұл қазақ даласында металл өңдеу технологиясының қандай дәрежеде болғанын көрсетеді. 

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында осы саладағы өркениет сабақтастығына ерекше тоқталып, ғылыми айналымдағы материалдарды халыққа насихаттауды тапсырған.

Дәулет Серікбаев атындағы техникалық университеттегі «Үлкен Алтай» музейіндегі жаң бөлім металды игеру кезеңі толық бейнеленген. Табиғи дүниелерді адамзаттың күнделікті тұрмысқа қалай жаратқаны кезең-кезеңмен көрсетілген.

Бұл музейден ерте заманда металды игеру технологиясын толық көруге болады. Жер астынан қазылған кенді мынадай көрікте балқытқан. Одан соң арнайы қалыпқа құйып пішіндеген. Нәтижесінде тұрмысқа қажетті бұйымдарды соққан.

Сақ қорғандарынан табылған алтын жәдігерлердің көбі аң стилінде жасалған. Бұл сол заманда қазіргі қазақ даласында металлургияны қалай игергенінің дәлелі. Сом-сом алтындар сақтардың тұрмыс-салтынан да дөп хабар береді.

Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Осы жерден табылған қалайы рудасы сонау қос өзен бойына мисопатияға дейін тарған. Биыл Елеке сазы дегеннен Тарбағатайда табылған әлгі сақ бекзадасының бір шалбарының өзінің әшекейі бірнеше ондаған мыңға кетіп қалады. Мәселе оның санында емес, солардың тарихи құндылығында. Мысалы, технологияның керемет озық дамығанының бір көрінісі ғой.

Археологтар ежелгі дәуір өркениетін зерттеу кезінде әрбір қоныстан сол замандағы адамдардың қандай кәсіпті игергеніне де көз жеткізді. Тек Алтай өңірінде көне кен орындары мен металды балқытатын тастан жасалған пеш пен шахта табылды.

Амантай Жақсылықов, тарихшы:

- Металлургияны игеру бұл адамзат тарихына ерекше өзеріс әкелді. Қаруды жетілдіріп, құрал-саймандар жасап, жылқыны да қолға үйретуге септігі тиді.

Музейді жасақтаған суретшілер сол замандағы өркениеттің дамуы мен қолөнердің адам өмірін қалай өзгерткенін көрсетуге тырысқан. Бұл ретте Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ежелегі өнер және технологиялар музейін ашуға мүмкіндік бар екенін жазды. Ал Шығыс Қазақстанның осы салада тәжрибесі мол. Тек Берел жазығында аспан астында ашылған музей бар. Ол жерд  сақ дәуірінің өркениетінен толық сыр шертеді.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы