378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік капелла хоры Үндістанда өнер көрсетті

  • 259
Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік капелла хоры Үндістанда өнер көрсетті

Үндістанда Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік капелла хоры өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асты. Мумбайдағы белгілі Джамшед Баба театрында өткен кеште қазақстандық хор шетелдік және отандық шығармаларды орындап, кей туындыларды жергілікті ұжыммен бірге қойды. Қазақстандық хордың өнері көпшілікті тәнті етіп, көрермендер ризашылығын білдіріп жатты. Айта кетейік, Қазақстанның ең ежелгі музыкалық ұжымының бірі болып саналатын Бақытжан Байқадамов атындағы капелла хорына биыл – 80 жыл. Ұжым өзге елдерде де жақсы танымал. Ал Үндістанда осымен үшінші рет концерт қойып отыр. Бұған дейін бұл елде үнді тарапының шақыруымен 2009 және 2012 жылдары гастрольде болған.

Бейімбет Демеуов, Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік капелла хорының жетекшісі:

– 2012 жылы біз мұнда екі опера қойған едік. Оған көптеген әнші қатысты. Ең қызықтысы содан бері Үндістанда хор өнері жақсы дамығаны байқалады. Егер ол кезде үнді орындаушылары аз болса, қазір жергілікті әртістердің едәуір артып, тіпті көптеген ұжым пайда болған.

Хабар 24 телеарнасы