389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның тумасы Парижде продюсерлік орталығын ашты

  • 549
  • UPD: 14:52, 21.02.2019

Қазақстандық киноларды бренд ретінде әлемге танытатын жастар көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Париж қаласының тұрғыны Андре Иванов осылай дейді. Өскемен қаласының тумасы Францияға білім алған. Қазір кинобизнес саласында мансап жолын бастап, өзінің продюсерлік орталығын ашты. Бүгінде танымал режиссер Люк Бессонмен жұмыс істеп үлгерді. Жақында қазақстандық азаматтың Ресей балетінің жұлдызы Рудольф Нуреев туралы картинасы көпшілік назарына ұсынылады. Андре Ивановтың агенттігі Франциямен Қазақстанға ортақ жоба түсіру үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Еуропалық нарықта Андре қазақстандық актерлердің агенті ретінде де жұмыс істеп, өзін түрлі қырынан танытып жүр.

Андре Иванов, кино агенттіктің жетекшісі:

- Біздің елдің өнімдерін бренд ретінде еуропалық нарыққа таныту қажет. Түрлі жобаларды жасап, актерлерді, фильмдерді, қоғам қайраткерлерін бүкіл әлемге таныстыру керек. Франция әлемдегі мәдениет орталығының бірі болып табылады. Мұнда түрлі танымал кинофестивальдер өтеді. Сол себепті менің жасап жатқан жұмысым өзім, отбасым үшін ғана емес, елім үшін де маңызды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы