375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концертіне билеттер қай кезде сатылатыны белгілі болды

  • 77
  • UPD: 18:08, 15.03.2019
Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концертіне билеттер қай кезде сатылатыны белгілі болды

Димаш Құдайбергеннің «Arnau» атты концертіне билеттер 18 наурыздан бастап сатыла бастайды, деп хабарлайды Елорда Инфо.    

Билеттерді сату бойынша бас оператор – www.zakazbiletov.kz. Сондай-ақ билеттер www.biletiastana.kz сайтында да қолжетімді болады.  

Одан басқа билеттерді Астана қаласы бойынша: Керуен, Азия Парк, Хан Шатыр, Еуразия, Керуен Сити, Мечта сауда орталықтарының, «Қазақстан» ОКЗ, Сарыарқа велотрегіндегі Газэнерджи ажс, Конгрес холл және Жастар сарайының кассаларынан сатып алуға болады.

Қазақстанның басқа қалалары мен шет елдерде билеттерді online-сатылым арқылы ғана алу мүмкіндігі бар. Қазақстан бойынша Qiwi кошелек, Kaspi Банк, Visa және Mastercard төлем карталары арқылы сатып алуға болады. Басқа елдерде билеттер тек Visa және Mastercard төлем карталары арқылы ғана қолжетімді.  

«Жанкүйерлерді ескере отырып және билеттердің сатылымын бақылау мақсатында,билеттерді 2-ші кезеңде сатып алуға мүмкіндік болады. Яғни,  билет сатыла бастаған соң, бірінші кезеңде билет алуға үлгере алмағандар, тең мүмкіндікті пайдаланып, 2-ші кезеңде барлық секторлардан билет ала алады», – делінген хабарламада.

Билетті сатып алу тәртібі:

Секторды таңдау/ билеттің категориясы;

Түрлі-түсті орындарды басып, керек орынды таңдау. Билет 30 минут аралығында корзинада тұрады. Қалаған орынды жою үшін, таңдаған орынды қайтадан басу керек;

«Тапсырысты рәсімдеу» тетікшесін басу;

Тіркеуден өтіп, авторизациялану;

Алу әдісін таңдау және төлем тәсілі;

Көпшілік офертасының ережелері мен шарттарымен танысқан соң, белгі қою;

«Тапсырысты рәсімдеу» тетікшесін басу.

Тапсырысты толық толтырып болған соң, көрсетілген e-mail поштаға арнайы хат келеді.

Егер хат келмеген жағдайда:

e-mail дұрыс көрсетілмеген;

Тапсырыс орындалмағанын білдіреді (яғни, тапсырыс беру уақыты 30 минуттан асып кеткен).

Барлық сұрақтар бойынша Call орталықтарына хабарласыңыздар: +2 (727) 777 666, +7 (727) 237 8284, +7 776 544 2882.

Хабар 24 телеарнасы