379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Люксембургте алғаш рет Наурыз мейрамы тойланды

  • 233
Люксембургте алғаш рет Наурыз мейрамы тойланды

Люксембургте алғаш рет Наурыз мейрамы тойланды. Онда Ахмет Жұбанов атындағы халық аспаптар оркестрі мен ақтөбелік «Аққу» ансамблі концерт берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерекелік шара Люксембургтегі Қазақстан елшілігі мен Eurasian Resources Group компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған. Оркестр Кұрманғазы, Дәулеткерей, Нұрғиса Тлендиевтің белгілі туындыларын, сондай-ақ әлемдік классиктердің шығармаларын орындады.

Франк Реплеву, Люксембург университетінің профессоры:

– Шара керемет өтті, қазақ әртістері тамаша өнер көрсетті. Осында болғаныма өте ризамын. Әртістердің шеберлігі арқасында жыл маусымдарының ауысуын және көктем мерекесі қалай тойланатынын көрдік.

Хабар 24 телеарнасы