389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада алғаш рет «Золотой граммофон» табысталды

  • 425
  • UPD: 15:18, 29.03.2019

Елордада алғаш рет ең ірі музыкалық марапаттардың бірі «Золотой граммофон» жүлдесі табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл шараның биыл Қазақстанда ұйымдастырылуына не себеп?

Ресей эстрада жұлдыздары елорда сахнасында бас қосты. Әншілер «Русское Радио Азия» толқынының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шарада өнер көрсетті. 

Назыма Ғаділбек, «Русское Радио Азия» радиосының  бағдарлама директоры:

- Мұндай концерт ел тарихында бірінші рет өтуде. Қаланың ең басты муызкалық алаңында, ЭКСПО аумағындағы осындай керемет залға Қазақстанды өте жақсы көретін әртістер келіп отыр. Мысалы: Денис Клявер, Бурито, Зара және т.б. Олар «Золотой граммофон» жүлдесін былтыр Мәскеуде алған. Ал Қазақстанға халықты музыка мерекесімен құттықтау үшін арнайы келген.

Игорь бурнышев, «Бурито»:

- Тыңдармандармен кездесу мен үшін бақыт. Өзара энергия алмасып, адамдармен сөйлескеннен кейін өнер жолын не үшін таңдағаныңды түсінесің. Бүгін сахнаға шығып, көрермендердің менімен бірге ән салғанын көргенде ерекше сезімге бөлендім.

Үздік әндер «Русское радио» толқынында 20 апта бойы анықталған. Нәтижесінде 20-сы топ жарып, осындай марапатқа ие болады. Ол үшін тыңдармандар көңілі қалаған ән мен әншіге дауыс береді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір оныншы дауыс беруші Қазақстан азаматы. Сондықтан ресейлік өнерпаздардың «Золотой граммофон» жүлдесін алуына қазақстандықтар да айтарлықтай үлес қосқан.

Айдын Жасыбай, тележүргізуші:

- Маңыздылығы, Ресей мен қазақ тыңдармандарының бір жерден ойы шығуында деп білемін. Өйткені өнерде, жалпы ән әлемінде ұлтқа бөлінбейді. Біздің қазақ тыңдармандары Ресейдің жұлдыздарын таңдады, бағасын берді және осы аталған марапатқа ие болды.

ТМД елдері арасында жоғары бағаланатын музыкалық жүлде 1996 жылдан бастап табысталып келеді.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Ербол Даиров

Хабар 24 телеарнасы