378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинадағы «Жас Еуропа» ән байқауында 12 жасар алматылық бірінші орынды иеленді

  • 229
  • UPD: 23:54, 30.04.2019

«Жас Еуропа» халықаралық ән байқауында алматылық Темірлан Өсімқұл жүлделі бірінші орынды иеленді. 12 жастағы жерлесіміз халық әні «Дайдидауды» орындап, қазылар алқасын таңдай қақтырды.

Дәстүрлі конкурс биыл 12-рет Киев қаласында ұйымдастырылды. Оған әлемнің 9 елінен 80 жуық өнерпаз қатысқан. Жас Еуропа» халықаралық ән байқауы биыл «авторлық», «ұлттық», «әлемдік хит», «халық әні» және «академиялық вокал» деп аталған бес аталым бойынша өтті. Қазақстандық Темірлан Өсімқұл «халық әні» аталымы бойынша үздік шықты.

Темірлан Өсімқұл, «Жас Еуропа» халықаралық ән байқауының жеңімпазы:

- Қобалжу болды шығардың алдында. Бірақ одан кейін бәрі өтті, әнімді жақсы айттым. Көңіл-күйім керемет. Мұндай конкурстарға шыққанмын, бірақ шетелге бірінші рет шығып тұрмын. Мен бүгін халықтың әнін «Дайдидауды» айттым.

Қарлығаш Әбдікәрімова, әділ қазылар алқасының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері:

- Былтыр біз келген болатынбыз осында. Онда да біздің балалар өте тамаша ән айтып, орын алып қайтқан болатын. Енді биыл да мінекей балаларымыз өте тамаша әндерін өздерінің айтып, оның үстіне біз биыл кәдімгідей жақсылап дайындап келдік. Биыл былтырғы балалардан да кішкене жоғарылау балаларды алып келдік шынын айту керек. Бұл балалардың өзі халықаралық конкурстан да орын алған балалар. Сондықтан да қазір осы жерде де біздің көңілімізден шығып отыр. Өздерінің өлеңдерін өз тілінде айтты дағы, екі қызымыз украин тілінде, баламыз итальян тілінде ән айтты.

Хабар 24 телеарнасы