389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Микелла Абрамова «Голос. Дети» байқауының қайта өткізілген финалына бармады

  • 278
  • UPD: 01:26, 25.05.2019
Микелла Абрамова «Голос. Дети» байқауының қайта өткізілген финалына бармады

Микелла Абрамова «Бірінші арна» «Голос. Дети» байқауы финалының арнайы шығарылымына қатысудан бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік,16 мамыр күні Бірінші арна» Ресейде өткен «Голос. Дети» байқауы ақтық финалының қорытындысын жойды. Дауыс нәтижесін қайта қарау кезінде сыртқы әсердің болғаны анықталған болатын.

«Бірінші арна» арнайы шығарылымда не көрсетілетіні және жаңа жеңімпаздың таңдалатыны жайында ештеңе айтқан жоқ. Ұйымдастырушылар байқауға 9 финалистің қатысатынын айтқан болатын. Алайда Микелла Абрамова байқаудың финалына келмегендіктен, 8 қатысушы бақ сынасты.

Бұл жайында байқаудың жүргізушісі Дмитрий Нагиев өз пікірін білдірді. «Әрине, біз барлық финалистерді шақырдық, алайда Микелла Абрамова финалға келмеуді жөн көрді. Бірақ ол «Голос» байқауының мүшесі болып қала береді. Біз оған табыс тілейміз», деді ол.

Хабар 24 телеарнасы