389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада композитор Ғ.Құрманғалиевтың 110 жылдығына арналған концерт өтті

  • 463
  • UPD: 23:50, 27.05.2019

Атақты композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғарифолла Құрманғалиевтың 110 жылдығына арналған концерт өтті.

Музыкалық кеште Халық әртісінің әндерін оның мектебінен тәлім алған бүгінгі күннің белгілі әншілері орындады. Сазгер нотаны танымаса да, ұлттық опера өнерінің негізін қалап, артынан үлкен мұра қалдырып кеткен. 1970-інші жылдары Ғарифолла Құрманғалиевтың 100 әні енген жинақ шықты. Алайда қазіргі уақытта композитордың нотаға түсірілмеген тағы 262 әні табылды. Жақын арада халық әртісінің бүкіл әні топтасқан шығармашылық альбомы жарық көрмек.

Балнұр Қыдырбек, мемлекеттік сыйлық лауреаты, композитор:

- Ол дара кісі. 16 қыз әнін айтқанда. Сол әнді Ғарифолла атадан кейін талай адамның айтқанын естідім, бірақ жеңілтек, сұрықсыз болып шығады. Ал Ғарифолла ата айтқанда ерекше. Актерлік шеберлік ғой.

Хабар 24 телеарнасы