389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды

  • 423
  • UPD: 23:39, 03.07.2019
Елордада халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды

Бүгін елордада Racing the Galaxy атты заманауи өнердің халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәдени шара Astana Art Show фестивалі аясында ұйымдастырылып отыр. Оған әлемнің 15 елінен 20 суретші келген. Көздің жауын алар жауһар туындыларды Тәуелсіздік, Бейбітшілік және келісім сарайларында тамашалауға болады. Бүгін ашылған көрме тамыздың отызына дейін жалғасады. Жалпы Astana Art Show 2019 фестивалі аясында шеберлік сабақтары, семинарлар мен ашық дәрістер өтпек.

Дина Байтасова, Astana Art Show негізін қалаушы:

- Astana Art Show 2019 заманауи өнердің жанрларын ғана емес, сонымен қатар мәдени көкжиекті кеңейтеді. Елордада екінші рет ұйымдастырылып отырған фестивальде ең үздік суретшілердің туындыларын тамашалауға мүмкіндік бар. Бұл жерде көрермен көшпенділердің рухын сезіне алады.

Хабар 24 телеарнасы