387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш ауыр дертке шалдыққан кішкентай жанкүйерінің арманын орындады

  • 159
  • UPD: 10:24, 28.08.2019

Димаш Құдайберген өзінің командасы, әкесі Қанат Айтбаев, досы Ерлан Бекчурин және шежіреші Максим Покидовпен Қазандағы балалар хосписіне барды.

«Ауыр дертке шалдыққан Лейсан есімді қыз А.Малаховтың телебағдарламасында Димаштың әндері оған күш сыйлайтынын, тыңдаған кезде бар өмірі алда екенін түсінентінін айтқан. Ол Қазан қаласындағы әншінің кешін тамашалағысы келген, алайда бесінші химия емінен кейін ол мүмкін болмады. Сол кезде Димаштың өзі жеткіншекті іздеп келіп, кішкентай жанкүйерін қуантты», – деп жазады «Жұлдыздар құпиясы» атты Youtube-каналы.

Сондай-ақ хоспистің Instagram парақшасында Лейсан Димаштың шын берілген жанкүйері екені айтылған.

«Димаш World Skills Kazan 2019 шарасының жабылуында  өнер көрсету үшін келді. Лейсан сүйікті әншісін көру үшін салтанатты рәсімге қатысқысы келді. Алайда денсаулығы мұрша бермеді. Сол кезде біз Димашты өзімізге шақырдық. Ол тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, уақыт тауып, баланың арманын орындады. Қадірлі мейманымыз Лейсанның тезірек сауығып кетуін тілеп, концертіне шақырды. Ол біздің бәріміздің жүрегімізді жаулап алды», – делінген жазбада. 

Айта кетейік, жас таланттың өнеріне тамсанған шетелдіктер Димаш арқылы қазақ мәдениетін танып, тілін меңгеруге талпыныс жасауда. Мәселен, YouTube желісінде 5 мыңға жуық жазылушысы бар блогер-әнші Julia Air Димаш Құдайбергеннің арқасында қалай қазақ атанғанын айтып берді. Ал әншінің өзі бүгінде Нью-Йоркте өтетін ауқымды концертіне дайындық үстінде. 

Хабар 24 телеарнасы