386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда дәстүрлі кітап фестивалі өтті

  • 158
  • UPD: 22:51, 09.09.2019
Алматыда дәстүрлі кітап фестивалі өтті

Алматыда қала күніне мерекесіне орай дәстүрлі Кітап фестивалі өтті. Осымен 6-рет ұйымдастырылып отырған іс-шараға келушілер қатары артқан.

Биылғы фестивальдің өзіндік ерекшеліктері көп. Кітаптар жәрмеңкесі, оқырмандарға қызықты танымдық семинарлар өткізілді. Сондай-ақ түрлі баспалардың кітап көрмесінен бөлек, танымал  авторлармен жүздесіп, ашық әңгіме құруға мүмкіндік болды. Шараға 30- ға жуық кітап баспасы мен кітап дүкендері қатысты. Жібек жолы даңғылында орналасқан алаңда арнайы шатырлар тігіліп, оқырмандар төрт бөлімнен тұратын шараға қатысты. Фестивальдің басты мақсаты балалар мен жастар  арасында кітап оқу үрдісін насихаттап,оларға техника мен ғаламтор жайлаған заманда да кітаптың ролі зор екенін түсіндіру. Дастан Қадыржанов, Дана Орманбаева, Меруерт Алонсо секілді қаламгерлер келушілерге өздерінің шығармашылықтары туралы айтып берді. Ал  «Блогерлер шатырында» Шыңғыс Мұқан секілді  әлеуметтік желіде танылған белсенділер туындыларын  таныстырды.

Шыңғыс Мұқан, «Мазмұндама» қорының жетекшісі:

- Кітап оқу төмендеп кетті деп жатырмыз.  Себебі бүкіл әлемдік әдебиет танымдық әдебиет қазақ тіліне лек легімен аударылып жатқан жоқ. Кеңес  үкіметі кезінде небір классикалар  аударылды сосын тоқтап қалды. Қазір мынау Елбасының бастамасымен мың, жүз оқулық аударылып жатыр.  Мың деп, аузыма салған шығар  мыңға жетсін одан ассын, міне  қазақ тілін де сапалы әдебиет кең тараған сайын оқылуы да көбейеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы