389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Поэзия мен музыканы жаңа бағытта ұштастырған қазақстандық өнерпаз британиялықтарды тамсантты

  • 225
  • UPD: 10:58, 22.09.2019

Британияны бағындыру. Немесе ағылшын жеріндегі Мақпал кеші. Ақын әрі әнші Мақпал Жұмабай Англияда өнер көрсетіп, жиналған жұртқа өз шеберлігін сынатты.

Мақпал Жұмабай - поэзия мен музыканы жаңа бағытта ұштастырып жүрген өнер адамы. Өз шығармашылығына «Maqpalsher» деген атау берген ол адам жанының терең қатпарларына бойлайды.

Мақпал Жұмабай, әнші-композитор:

– Концерт біткеніне жарты сағат болса да олар құшақтап жылап жатыр. Сондықтан мен ойлаймын қазақ болсын, басқа болсын өнердің тілі, адамның жанының тілі бір екенін түсіндім.  

Концерт алаңы ретінде Брунель мұражайы таңдалған. Ғимараттың ішкі қабырғасында ағылшын тіліне тәржімаланған ән мәтіндері көрсетіліп тұрды.

Дэвид Кук, аудармашы:

– Қазақ поэзиясымен танысқан аз уақыттың ішінде оның қаншалықты әуезді екенін аңғардым. Сондықтан ағылшын тілінде автор мақамдарының сұлулығын барынша жоғары деңгейде жеткізуге тырыстым.

Қазақстандық тыңдармандардың жүрегіне жеткен Мақпалдың мақамды жырлары талғампаз ағылшындарды да қызықтырды. 

Роберт Гринал, ВВС телеарнасының журналисі:

– Мен Мақпалдың шығармашылығымен танысып үлгердім. Оның қойылымдарын желіден көріп, ұнатып қалдым. Әншінің жанды дауыста орындаған әндерін Лондонда тыңдау өте керемет. Оның алғашқы шетелдік концертінің осында өткеніне өте қуаныштымын.

Макс Туки, Брайтон университетінің лекторы:

– Мақпалдың шығармашылығы «Бьорк» пен «Портисхед» тобын еске салады. Кім біледі? Бірақ меніңше ол – дара тұлға. Маған оны басқа әртістермен салыстырған ұнайды, бірақ бұл әділетсіз болар еді. Меніңше, ол – ешкімге ұқсамайтын өнер адамы.

Лондондағы концерт шетелдік музыкалық нарықты зерттеуге арналған эксперимент десе де болғандай. Қазірдің өзінде әріптестік орнату бойынша бірнеше ұсыныс бар және алдағы уақытта Мақпалдың жұлдызы шетелде жануы да әбден мүмкін.

Авторлары: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы