389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Киножобаларға байқау жарияланады

  • 330
  • UPD: 16:08, 26.09.2019
<span class=favorites>Киножобаларға байқау жарияланады</span> informburo.kz

30 қыркүйектен бастап «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында киножобалар байқауына өтінімдер қабылдайды.

Орталық қысқаметражды және толықметражды туындыларға қаржы бөле отырып, жас мамандармен қатар танымал режиссерлерді де қолдауға ниетті. 

«Ұлттық фильм» атануға халықаралық фестивальдерге қатысуға әлеуетті авторлық туындылар да, сонымен қатар көпшілік көрерменге бағытталған коммерциялық көркем және анимациялық фильмдердің де мүмкіндігі бар.

«Киноорталық, сондай-ақ, халықаралық бірлескен туындыларға да қолдау көрсетуге ниетті. Соның ішінде шетелдік режиссерлердің Қазақстанға байланысты дайындаған фильмдері үміткер бола алады», - делінген Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз хабарламасында.

Деректі және публицистикалық фильмдерге айрықша көңіл бөлінетінін де айтылған.

Қазан айында қазақстандық кинематографтар өз жобаларын Киноорталықтың сарапшылар одағының қарауына ұсына алады. Кеңес құрамында кино индустриясындағы өзін мойындатқан кәсіпқой сценаристер, продюсерлер, режиссерлер, дистрибьюторлар мен киносыншылар бар.

Өтінімдерді қабылдау 30 қыркүйек пен 31 қазан аралығында жүреді. Байқауға қатысу шарттарымен толығырақ www.kazakhcinema.kz танысуға болады.

Хабар 24 телеарнасы