389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда Ұлы Жібек жолының жандануы мен тарихи маңызы талқыланды

  • 185
  • UPD: 17:30, 05.10.2019
Таразда Ұлы Жібек жолының жандануы мен тарихи маңызы талқыланды

Халықаралық конференцияға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанның ғалымдары, тарихшылары, жазушылары қатысты.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жібек жолындағы әңгімелер – 2019» мәдени жобасы негізінде ұйымдастырылды. Жетекшісі – Мұрат Әуезов. Тарихшылар Ұлы Жібек жолын қайта жандандыру туралы ойларымен бөлісті. Мәдени құндылықтарды сақтау мәселесін талқылады. Спикерлер барлық қабылданған шаралар туризмді дамытуға, туристік маршруттар құруға және Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Саттар Мәжитов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РМУ директоры, тарихи ғылымдарының докторы:

– Жібек жолындағы әңгімелер деңгейі әр түрлі, оларды өз ойларымызбен таныстыру оңай емес, әрине біз бүгін Жібек жолы тарихының сабақтарын талқылаймыз және сонымен бірге мұны жастармен бірлесе жасап отырмыз. Өйткені бұл Қазақстандағы биылғы Жастар жылы аясында ерекше маңызды болмақ.

Хабар 24 телеарнасы