388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда қолөнер шеберлері арасында байқау өтті

  • 242
Таразда қолөнер шеберлері арасында байқау өтті

Өңірдің 10 ауданының үздік жас қолөнершілері табиғи шикізаттардан жасалған өз туындыларын көрмеге шығарды.

Көрмеде тігін, тоқыма, тері өнімдері, қыштан әзірленген бұйымдар сияқты бірегей заттар қойылды. 300-ге тарта жұмыс көпшілікің назарына ұсынылды. Дәстүрлі шараның биылғы ерекшелігі оған шалғай елдімекендерден өнерлі жастар көп тартылған. Жалпы саны мыңнан астам оқушы мен студент қамтылып, іріктелді. Басты мақсат – дарынды өнер адамдарын анықтап, қазақтың ұмыт болған өнерлерін қайта жаңғырту. 

Жанар Шинетова, қолөнер шебері:

- Өнерлі балаларды жарыққа шығару. Соларды әрі қарай көтермелеп, бүкіл дүние жүзіне паш еткіміз келеді. Біздің қазақы өнерімізді. Жасалған дүниенің бәрі қолмен жасалған. Киізден ойылып жасалады. Киіздің өзі таза жүннен басылып, өндіріп шығарған. Және кестемен тоқу. Бисермен тоқу. Балшық илеу. Әртүрлі.

Хабар 24 телеарнасы