388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда «Мәңгілік елдің мәңгілік мұрасы» атты халықаралық фестиваль өтіп жатыр

  • 84
  • UPD: 18:23, 31.10.2019

Талдықорғанда түбі бір түркі жұртының ұлттық өнерді ұлықтаған өнерпаздары бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Мәңгілік елдің мәңгілік мұрасы» атты халықаралық фестивальға Түркия, Татарстан, Моңғолия, Якутия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы сынды 9 мемлекеттің өнерпаздары қатысып жатыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған гала концертке өңірдегі меншікті тілшіміз Шыңғыс Қалиден де арнайы барды.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

– Эстрадалық әндер әртүрлі өңдеуден өтсе, бұл ұлттық аспаптан шығатын, жанды дауыста айтылатын саф өнер. Бүгінгі концертте сан ғасырдың сүзгісінен өткен дәстүрлі музыка жанрларының барлығы қамтылды.

Осыған дейін бауырлас елдің өнерпаздары өз ұлтының төл туындыларын орындаса, бүгін қазақ халқының дәстүрлі әндері мен күй атасы Құрманғазының күйлерін шертті. Сөйтіп, текті өнерді кие тұтқан көрермен қауымның құлақ құрышын қандырып, ерекше әсерге бөледі. Осындай концерттен бөлек, шығармашылық өкілдері өзара тәжірибе алмасатын болады. Ол туралы менің қасымда тұрған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев айтып береді. Мәрлен Қапашұлы, мәдени ынтымақтастықтың мақсаты не?

Шыңғыс Қалиден, тілші:

– Айта кетейік, биыл өңірде осындай оншақты ауқымды шара өтті. Оның ішінде суретшілер симпозиумы, этнофестивальдар мен архивтің 100 жылдығына арнаған конференция бар.  Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста 200-ден астам жоба жүзеге асты.

Хабар 24 телеарнасы