386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим Андреа Бочеллимен кездесті

  • 174
  • UPD: 09:29, 14.11.2019

Ержан Максим әлемге әйгілі тенор Андреа Бочеллимен кездесті. Бұл жылы жүздесу композитор Игорь Крутойдың мерейтойына арналған концерттен кейін болған.

Ержан Максим Андреа Бочеллидің «Ама Креди Вай» деп аталатын әнін маэстроның өзіне орындап берді. Жас әншіміздің дарынына жоғары баға берген музыка майталманы оған өнер жолында табыс тіледі. 

Ержан Максим, әнші:

- Димаш аға Андреа Бочеллимен өлең айтып жатыр екен. Сосын артынан бардым да мен де Андреа Бочеллимен өлең айтым. Кездесетін кезде жүрегім ауырды, өйткені ондай үлкен жұлдызбен кездесу барлық адамдардың қолдарынан келмейді.

Хабар 24 телеарнасы