387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision 2019: Ержан Максим сахнада сиқыр көрсетпек

  • 165
  • UPD: 09:29, 14.11.2019

Польшаның Гливице қаласында өтетін «Junior Eurovision» халықаралық байқауына санаулы ғана күн қалды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Еліміздің намысын қорғайтын Ержан Максим қазір қызу дайындалып жатыр. Алматыда Ержанның әніне арналған сахналық көріністер түсірілуде.

Телевизия тілінде бұл мата «жасыл жолақ» деп аталады. Қазір көзге біртүрлі көрінгенімен, монтаждап, графика жасалған соң адам танымастай өзгереді. Бұл жерде Ержанның «Junior Eurovision» халықаралық байқауында айтатын әніне арналған сахналық көріністің бір бөлігі түсірілуде.

Александр Фломбойм, режиссер:

– Күрделі нөмір алып бара жатырмыз. Техникалық және түсіру жағынан қиын. Көрермендерге ерекше бір көрініс сыйлағымыз келеді. Мысалы, Ержан сахнада ән айтып тұрған кезде оның өзінің көлеңкесі проекция арқылы беріліп, сиқыр жасап тұрады. Қазір сол көлеңкенің қимылдарын түсіріп жатырмыз.

Сахнада Ержан бір емес екі сиқыр көрсетеді. Қазір жаттығуларды жиі-жиі қайталап қолын үйретуде. Тіпті басбармақтарын кесіп те алыпты. «Бәрі де өнер үшін», - дейді Ержан Максим.

Ержан Максим, жас әнші:

– Сахнада басында қыздармен бірге билейтін боламыз. Және де әннің ортасында жаңа бишілер, жаңа әріптестер болады. Артымда бейне ауысады. Және де сиқыр көрсететін боламыз. Толқу жоқ, бәрі жақсы.

Ержанның «Junior Eurovision» халықаралық байқауында айтатын әні «Арманнан қалма» деп аталады. Сөзін Данияр Алдабергенов жазса, әні Хамит Шаңғалиевтікі. Жас әнші вокалдық дайындыққа да тыңғылықты көңіл бөліп отыр. 

Ержан Максим, жас әнші:

– Құрметті достар, қасиетті қазақ елі! «Хабар» арнасы қосулы болсын! 24 қараша күні маған дауыс беріп, мені қолпаштап отырыңыздар!

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы