386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Әулиелер ордасы» атты жинақ жарық көрді

  • 166
  • UPD: 15:15, 13.11.2019
Елордада «Әулиелер ордасы» атты жинақ жарық көрді

Елордада «Әулиелер ордасы» атаумен рухани-танымдық мұра жарық көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары қасиетті жерден шыққан дін ғұламаларының қолжазбаларын кітап қылып басты. Ислам құндылықтары мен ел дәстүрін терең білген ұлы дала тұлғаларының мол мұрасы осылайша тұңғыш рет баршаға түсінікті қазақ қарпімен шығарылды. «Дін мен дәстүрдің арасын жалғаған рухани мұранының жас ұрпаққа берері мол», – дейді ғалымдар.

Дархан Қамзабекұлы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры:

– Осы жерден 130 шақырым жерде, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жалтыр стансасының маңында «Әулиелер ордасы» немесе «Әулиелер қорымы» деген жер бар. Олар кімдер? Олар 19-20 ғасырдың басындағы діни ғұламалар. Оны тек дінмен ғана шектеуге болмайды. Өз заманында жастарға дәріс оқыған, үлкен ғылыми ортадан өткен, заманның қайшылықтарын, құндылықтарды сол заманның поэтикалық тілімен жеткізе білген тұлғалар. Бұл азаматтардың саны 30-ға жуық. Бәрі де қазірет, діни ғұламалар, қарилер.

 

Хабар 24 телеарнасы