384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда республикалық күй кеші өтті

  • 255
  • UPD: 15:26, 15.11.2019
Ақтауда республикалық күй кеші өтті

Ақтауда өткен рухани шара қазақ мәдениетінің алтын сандығы, күйші Мұрат Өскінбайұлының 115 жылдығына арналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеште оркестрдің сүйемелдеуімен «Бұлбұл-Ақжелең», «Көроғлы», «Ұршық-Төкпе» секілді Мұраттың бірнеше күйі орындалды.

Айта кетейік, 2004 жылдан бері екі жыл сайын Мұрат Өскінбайұлы атындағы республикалық байқау  өтіп тұрады. Бүгінгі кеште сол сайыстың жүлдегерлері жиналып, танымал өнер қайтраткерлерімен бірге күй тартты. Мерейтойға шашу ретінде бұл күні музыка зерттеушісі Айтберген Жаңбыршының «Күй қонып, кие дарыған әулет» атты жинағының тұсауы кесілді. Мұрат Өскінбайұлы Маңғыстау күйшілерінің өзіндік мектебін осы дәуірге ұластырған өнер иесі. Оның үш жүзге жуық ірілі-уақты күйі бар.

Абылай Тілепбергенов, құрманғазы мемлекеттік академиялық оркестрінің бас дирижері:

– 115 жылдығы тойланып жатқан атамыздың тойы құтты болсын. Мұраттың екінші республикалық күйшілер сайысында бас жүлдені иелендін. Мұрат Өскінбайұлы атамыз туралы мақала, ғылыми еңбек көп жазылды. Бүгін міне, кітаптың тұсаукесері болып жатыр. Мұрат бабамыздың өзі тіпті сонау атам заманнан келе жатқан күйлердің жалғастырушысы, былайша айтқанда көпірі деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы