386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасы Димаштың Жапонияда ән салғанын көрсетеді

  • 169
  • UPD: 23:34, 19.11.2019

Димаш Құдайберген Токиода өтетін ABU Song фестивалінің арнайы шақырылған қонағы ретінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрермендер халықаралық фестивальдің эксклюзивті нұсқасын қарашаның жиырма екісінде кешкі сағат 21.40-та «Хабар» телеарнасынан тамашалай алады. Бұл Димаштың күншығыс елінде алғаш рет өнер көрсетуі болады. Атап өтейік, телефестиваль бәсекелестік жарыс алаңы емес. Бұл – Азия-Тынық мұхиты аумағына кіретін мемлекеттердің ең үздік әртістерін көрсететін жер. Айтулы ән додасына Корея, Жапония, Индонезия, Австралия, Түркия сынды мемлекеттердің де өнерпаздары қатысады.

Хабар 24 телеарнасы