384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрік ғалымының Елбасы туралы кітабы жарық көрді

  • 104
  • UPD: 22:04, 03.12.2019
Түрік ғалымының Елбасы туралы кітабы жарық көрді

«Назарбаев көшбасшылығы: Ұлы даланың өрлеуі» атты кітап жарық көрді.

Авторы – түркиялық публицист, пофессор Куршад Зорлу. Ол еңбегінде Елбасының кемеңгерлігі мен көшбасшылық қырын көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ бұл кітап, ел басқару моделін терең талдаған зерттеу еңбек болып саналады. Туындыда Елбасының түркі дүниесінің ынтымақтастығын нығайтудағы рөлі кеңінен талқыланған. Әзірге өз елімізде кітап мың данамен оқырманға жол тартты. Ал тәуелсіздік күні қарсаңында 5 мың тиражбен жарыққа шығатын кітаптың тұсаукесері өтеді. Еңбек түрік тілінде жазылып, қазақ тіліне аударылды.

Куршад Зорлу, Түркиялық публицист:

Мен бұл кітапты екі жыл бұрын бастадым, Түркия академиясымен бірге жасадық. Кітапта Қазақстанда қабылданған шешімдер ғана емес, жалпы лидерлігі сөз болады. Түркияға келгенде айтқандары, біздің президентпен сөйлесулері, олардың ішінде газеттерде басылмаған сөйлесулер осы кітапта болады. Сондай-ақ Түркия мен Ресей арасындағы проблеманы Елбасы қалай шешеді. Осының бәрі жазылды.

Хабар 24 телеарнасы