375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жыршы-термешілердің жаңа форматтағы кеші өтті

  • 184
  • UPD: 22:59, 07.12.2019
Елордада жыршы-термешілердің жаңа форматтағы кеші өтті

Еліміздің жыршы-термешілері елордада бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәуелсіздік қүні қарсаңында олар қала тұрғындары мен қонақтарына жырдан шашу шашып, ұлттық өнерімізді ұлықтады.

Бұл жолғы кеш күміс көмей, жез таңдай жыршы-термешілердің өнерін тамашалаумен ғана емес, сол жырдың шығу тарихына қатысты көрсетілген қойылымдармен ерекшеленді. «Жыр аманат» концерт-спектаклінде өнер көрсетуге еліміздің барлық жыр мектебінің өкілдері келген. Олардың әрқайсы өз аймағына тән мақамда жыр толғап, төл өнерге сусындаған көрерменнің құлақ құрышын қандырды. Заманауи форматтағы концерт-спектаклді өткізуге елорда әкімдігі ұйытқы болды. Ал «Нұр-Отан» партиясы қолдау білдірген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, елордада бастау алған жыр кеші еліміздің өзге өңірлерінде де өткізілмек.

Ұлжан Байбосынова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жыршы:

– Жас буынның бар болғандығынан бұл өнер бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатыр. Бүгінде біздің аға буын, орта буын, қазіргі жас буын өкілдері бар. Осы концерт-спектальде кішкентай 11 жасар Арай Оңғарқызы өзінің өнерін көрсетеді. Концерт-спектакль баланың өнерімен аяқталады. Біздің мақсатымыз – осы концерт арқылы жырлаулық өнердің өшпегендігін, оның мәңгі екендігін және оның әрі қарай жалғасы бар екендігін көрсету.

Хабар 24 телеарнасы