375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда өнер фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

  • 209
  • UPD: 23:53, 07.12.2019
Түркістанда өнер фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Түркістанда өнер мерекесі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі күнге жалғасқан «Сәлем саған, Түркістан» фестивалінде қатысушылар классикалық ән орындау, балалар биі, суретшілер мен фотосуретшілердің «Түрленген Түркістан» және Open Turkistan танымдық бейнероликтері және Turkistan fashion киім дизайні сияқты 5 аталым бойынша бақ сынады. Қазылар алқасының шешімімен балаларға арналған би байқауының бас жүлдесі түркістандық «Шабыт» және Төлеби ауданыннан келген «Көркем» би ұжымдарына табысталды. Ал «Түрленген Түркістан» суретшілер мен фотосуретшілердің көрме байқауында елордалық Маханбет Сейсенхан жеңімпаз атанды. Фотосуретшілер сайысында шымкенттік Сүндет Жанәділовпен таласар ешкім болмады. Open Turkistan бейнероликтер сайысында шымкенттік Еркін Марғұлан бас жүлдеге қол жеткізді. Бұдан бөлек, 7-12 жас аралығында классикалық ән орындаушылар сайысының бас жүлдесіне Төлеби ауданының өнерпазы Ғаламат Халық лайық деп танылды. Ал Turkistan fashion ұлттық киім дизайнерлерінің байқауының бас жүлдесі Несібелі Есқараеваға бұйырды. Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқау Тәуелсіздік күніне арналған.

Еркін Марғұлан, бейнероликтер байқауының жеңімпазы:

– Бұл роликті түсіруге бас-аяғы 4 күн уақыт кетті. Қиындықтар өте көп болды. Бірақ соңында, жеңіс сәтінде бәрі ұмытылады екен.

Сүндет Байғожин, классикалық ән бойынша қазылар алқасының төрағасы:

– Өте әділ, жақсы шешім қабылданды. Өздеріңіз концертте жеңімпаз балаларымызды көресіздер. 7-17 жас аралығында жаңа есімдер, жаңа талантты қатысушылар тек конкурста жеңімпаз болып қана қоймай, олардың ары қарай дамуына  қолдау көрсетілсе екен деген ұсынысым бар.

Хабар 24 телеарнасы