379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим Лондонда өнер көрсетті

  • 636
  • UPD: 15:49, 18.12.2019

Әнші Ержан Максим британиялық жұртшылық алдында өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Junior Eurovision байқауының лауреаты өзінің хит әндерін орындап, салтанатты жиынға келген қауымның зор қошеметіне ие болды.

Лондондық зәулім ғимараттардың бірі – Милбанк Туердің қосалқы бөлмелерінің бірі. Ұлттық киім киген қызметкерлер қонақтарды күтіп алып жатыр. Келушілер жас талант Ержан Максимнің өнерін тамашалауға асық. Қазақстандықтарды ұлттық мерекемен құттықтап, ел Тәуелсіздігінің 28 жылы екі ел үшін де жемісті болғандығын жеткізді.

Майкл Гиффорд, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі:

– Ұлыбритания және Қазақстанның қарым-қатынасы біз үшін өте маңызды. Бұл – Орталық Азиядағы ең елеулі нарық. Осы жылы біз елдеріңізге шамамен 2,3 миллиард стерлинг фунттың тауарын экспорттадық. Және біз Қазақстандағы көлемі жағынан ең ірі алтыншы инвестормыз. Бірақ тек сауда-экономикалық әріптестік қана емес, мәдени алмасу және адами қарым-қатынас та маңызды. Бүгінгі Ұлттық мереке соның айқын айғағы.

Бұл күні Ержан Максимнің өнері британиялықтар үшін нағыз мәдени жаңалық болды. Балалар Евровидениесі Ұлыбритания үшін аса танымал байқа емес. Бірақ қонақтар әнші жайлы хабардар болып шықты. Әсем дауысты жас дарын да көптің көңілінен шығып, өнерімен таңдай қақтырды.

Ержан Максим, әнші:

– Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді келіп жеткен бүгінгі Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Әрқашан аман болыңыздар. Әрқашан күліп-ойнап жүре беріңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Мәдени бағдарламаны қазақтың ұлттық тағамдары толықтырды. Қонақтарға сарқыт та үлестірілді. Сөйтіп Қазақстаннның тәуелсіздік тойына жиылған жұрт үйлеріне Алматының апортын алып қайтты.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы