424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ғалым Намазалы Омашұлының 70 жылдық мерейтойы өтті

  • 528
  • UPD: 17:35, 31.01.2020
Елордада ғалым Намазалы Омашұлының 70 жылдық мерейтойы өтті

Бүгін Еуразия Ұлттық университетінде Қазақстан Жазушылар Одағы мен Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, профессор Намазалы Омашұлының 70 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Жарты ғасырға жуық өмірін журналистика саласына арнап, осы салада шәкірттер тәрбиелеп шығарған Намазалы Омашұлының еңбегі зор екенін айта кеткен жөн.

Мерейтойға ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, ҚР Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев және «Хабар» агенттігі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев қатысып құттықтады. Сонымен бірге ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин 70 жылдық мерейтойға арнап құттықтау хаттарын жолдады.

Сондай-ақ ұлағатты ұстаздың мерейлі тойына журналистика саласының майталмандары мен замандастары, әріптестері жиналды.

«Абыз Әбіш Кекілбаев айтқандай кешегілердің еңбегін елемесек, ертеңгілерді қайдан қарық қыламыз. Осы тұрғыда Намазалы Омашұлы жастарға үлгі бола алатын, замандастары бой түзеуге лайық тұлға. Қара шаңырақ саналатын білім ордасы Қазақ Ұлттық университетінде және елордамыздағы білім ордасы Еуразия Ұлттық университетінің де журналистика факультеттерін басқарған кәсіби менеджер, мыңдаған студентті түлетіп, томағасын сыпырған бапкер. Елімізде журналистиканың тұтас бір буынының қалыптасуына зор үлес қосқан ұлағатты ұстаз. Сіздің ғылыми еңбектерінің, монографияларыңыз, очерктер мен оқулықтарыңыз әлі талай буын қаузайтын қазына болады деп сенемін», - деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар конференция барысында «Өнегелі өмір: Намазалы Омашев» кітабының тұсауы кесілді.

Айта кетсек, Намазалы Омашұлының радиожурналистиканың тарихына қосқан еңбегі орасан зор. Ол 13 монографияның, 3 оқулықтың, 9 ғылыми-публицистикалық еңбек пен очерктер жинағының, 9 оқу құралының авторы.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы