377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасында «Жұлдызды жекпе-жек» сайысы жалғасады

  • 200
  • UPD: 22:01, 31.01.2020

«Хабар» арнасында «Жұлдызды жекпе-жек» ән байқауы жалғасады. Төртінші маусымда сайысқа тек жекелеген әншілер ғана емес, біріккен топтар да қатысуда.

«Жұлдызды жекпе-жек» байқауын ұйымдастырушылар күні-түні түсіру алаңында жүр. Мұнда  әрбір орындалатын ән мен би, дыбыс тазалығы мен жарық беруші жұмсына, әншілердің киімі мен би алаңындағы жастардың көңіл-күйлеріне жіті мән берілген. Бұл байқаудың бұрынғыларынан  ерекшелігі енді дәстүрлі әншілер мен топтар да өзара сынға түседі.

Сержан Молдасан, продюсер:

- Соңғы кезде көп күдік пен күмән болды ғой біздің әншілер фонограммамен айтады, былай айта алмайды деген сияқты. Соған толық жауап беретін алаң керек болды. Жалпы жекпе-жек сол алаңға айналды.

Мейрамбек Беспаев, әнші:

- Төртінші маусымның өзіндік ерекшеліктері бар. Топтарды да қатыстырып отырмыз. Топпен топ шығып жатыр. Бұл біздің жекпе-жегіміз тартысты, қызықты басталып жатыр. Өзім де қатыстым Мұқасан Шахзадаевпен бірге. Енді көңілдеріңізден шығамыз деп ойлаймын.

«Жекпе-жектің» төртінші маусымында төрелік жасайтын қазылар алқасының негізгі құрамында өзгеріс жоқ. Мейрамбек Беспаев, Тоқтар Серіков, Саят Медеуов және басқа да өнер майталмандары. Ал бұл жолғы жарысқа көптен бері көрінбей кеткен «101» тобы, қазақтың жігерлі әндерін асқақтатып жүрген «Алашұлы» тобының жігіттері түседі. Сонымен қатар Ардақ Балажанова мен Шаба Әденқұлқызы әсем әндерін шырқайды.

Ардақ Балажанова, әнші:

- Біз енді бағымызды сынау үшін келдік деп айта алмаймыз. Өз өнерімізбен сахнадағы қызықты сәт есте қалсын деген үмітпен осы шараға қатысып отырмыз.

Ән байқауына барлығы 8 топ, он алты әнші қатысады. Жобада қазақша және орыс тіліндегі әндер айтылып, жаңа шығармалар орындалады. «Жұлдызды жекпе-жектің» 4 маусымындағы алғашқы сайысы «Хабар» арнасында 9 ақпан күні көрсетіледі.

Авторлары: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы