414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерланд ғалымдары Абайдың мұрасын әлемге танытуға зор үлес қосып жүр

  • 468
  • UPD: 20:40, 24.02.2020

Абай шығармашылығы Нидерланды да терең зерттеледі. Осы елдің ғалымдары қазақ ғұламасының еңбектерін қарт құрлықтың бірнеше тіліне аударып, Абайдың рухани мұрасын әлемге танытуға үлес қосып келеді.

Зифа Ауэзова играет на скрипке мелодию из песни на стихи Абая «Айттым сәлем, Қаламқас». 

Қазақстаннан 5 мың шақырым жерде орналасқан Нидерландта да Абай әндері шырқалады.  Мұхтар Әуезовтің немересі Зифа-Алуа мен жұбайы, шығыстанушы әрі лингвистика ғылымдарының докторы Роберт Эрмерс кемеңгер ақынымыздың шығармашылығын жылдар бойы зерттеп келеді.  

Роберт Эрмерс:

Айттым сәлем, Қаламқас,

Саған құрбан мал мен бас.

Сағынғаннан сені ойлап,

Келер көзден ыстық жас.

Сенен артық жан тумас,

Туса туар артылмас.

Бір өзіңнен басқаға,

Ынтықтығым айтылмас.

Асыл адам айнымас,

Бір бетінен қайырылмас.

Көрмесем де, көрсем де,

Көңілім сенен айырылмас. 

Зифа-Алуа мен Роберт 90-жылдары Алматыда сабақ берген. Кейін ғылыми зерттеулерге байланысты отбасымен Нидерландқа қоныс аударады. Роберт әйеліне Махмұд әл Қашғаридің «Диуан-луғат ат-турік» еңбегін араб тілінен орысшаға аударуға көмектесті.  Қазір бірге Абайдың «Қара сөздерін» ағылшын және нидерланд тілдеріне тәржімалауда. 

Роберт Эрмерс, түркітанушы, арабтанушы:

- Иә Абайдың еңбектерінде бізге, жаңа ұрпаққа көп кеңес, көп сабақ бар. Бірақ, ең маңыздысы, Абай бізге қазақ тілінің байлығын көрсетеді. Абай тілі сонша бай, сонша кең, бір жағынан, ең алдымен, меңіңше Абайды жақсы түсіну үшін тілді үйрену керек. 

Нидерланд тіліндегі «Қара сөздер» мамыр айында жарық көреді. Зифа-Алуа Әуэзова ұлы Назир-Жерармен бірге Абайдың 175 жылдығына арналған Қазақстандағы шараларға ат салысқысы келеді. Жырақта жүрсе де олар отбасымен ана тілінде ән шырқайды. 

Нидерландтық  Натан Виссер де қазақ әндеріне құмар. Қазақстанда 10 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеді. Олармен жақын араласу үшін қазақ отбасында тұрып, ана тілімізді меңгеріп алды. Натанды қынжылтатыны тек Қазақ жерінен әкелген домбырасын осы күнге дейін сақтай алмағаны. 

Натан Виссер, эрготерапевт:

- Ауылға келген кезімде әріптестерім бір отбасымен таныстырды. Сол Сармановтар отбасымен үш ай тұруға келістік. Ал сол үш ай үш жыл боп кетті Көктал ауылында. Сол Сармановтар отбасымен көп өмір сүрдім, олармен әлі хабарласып тұрамыз. Бірінші жылы тек ғана тілді үйрендім, сосын ақырында бір-еік баламен жұмыс жасадым. Тіл үйренгенненен кейін, ақырынды жұмысым басталды. Бұл жылдары 50-60 балаға көмектестім. Кейбіреуін аяққа тұрғыздым, жүріп кетті. Қатты ауырғандардың жүруіне мүмкіндігі болмады, бірақ отыруға, ойнауына көмектестік. Солай жағдайына қарай, бәріне көмектесуге тырыстық. 

Қазақ ауылында тұрып ол  халқымыздың мәдениеті мен дәстүрлерін де қатар үйренді. Қазір ұлы Абайдың философиясын терең ұғыну үшін, қазақ тіліндегі шығармаларын зерттей бастады.

Натан Виссер, эрготерапевт:

- Абайдың өзі қазақша қалай жазғанын білмеймін. Мағынасын былай түсіндім,  Құдай деп, өз күш-жігеріңізді, қабілеттеріңізді қолдансаңыз, тас жерден де жеміс өнеді. Мағынасын түсінемін. Алдымен голландша оқимын, сосын қазақша. 

Қазақстанда Натан Виссер болашақ жары - Нидерландтық волонтер  Эвелинмен танысты. Үйлену тойын да елімізде өткізді. Үш баласына Берік, Аяна және Сәуле деген ат берді. Натан мен Эвелин балалары өскеннен кейін олардың өздері отау құрған Қазақстанды көрсетуді армандайды. 

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы