420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде Абайтану институты ашылды

  • 134
  • UPD: 00:40, 03.09.2020

Өскемендегі іргелі оқу орындарының бірінде Абайтану институты ашылды. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған шараның мақсаты - Абай әлемін дәріптеу, түрлі әдістерді ұсыну. Сонымен қатар жаңа оқу жылының басталу құрметіне орай түрлі халықтың әліппелер көрмесі өтті. 60-тан астам елдің тұңғыш оқулықтары жиналғандардың ерекше қызығушылығын оятты.

«Абайтану институты» Ұлы ойшылдың өмірі мен ілімін насихаттап,оны тереңдете талдауға арналған ғылыми орталық деуге болады.Ақынды тануға талпынған адам бұл жерден құр қол қайтпайды.Әсіресе ұстаздар қауымы үшін  жаңа әдістемелер көп.Тіпті дәл осы институттың ғылыми ұжымы құраған, 5-8ші сыныптарға арналған  «Абайтану курсын» қазір мектеп оқушылары қолданып та жатыр екен.

Айжан Картаева, Абайтану ғылыми зерттеу институтының директоры:

- Институттың ашылуына үлкен дайындықпен келдік, бізде ғылыми әдістемелік қорымыз,еңбектеріміз барлығы жетеді.Баршылық.Бүкіл Шығыс Қазақстан облысына біз бірден-бір ғылыми методикалық кеңес бере аламыз және республикалық деңгейде басқа да Абайтану орталықтарымен бірге жұмыс істейтін боламыз. 

Ойшылдың ыстық қайрат ,жылы жүрек,нұрлы ақыл сынды адами қасиеттеріне негізделген «Толық адам» ілімін де осы жерден табасыз.Сондықтан бұл институт қазақтың бас ақынының өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер үшін таптырмас мүмкіндік. Осы шара барысында көпшілік күткен «әліппелер көрмесі» де ашылды.Онда 63 елдің алғашқы  оқулығы қойылыпты.Бұл осы оқу орнынның қарт ұстазы Фёдор Головановтан қалған мұра. Коллекцияда  Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған әліппеден бастап эстон, неміс, түркітілдес құмық, қырғыз, ұйғыр халқының алғашқы тілашарларын көрдік.

Перизат Нұрғалиева, ғылыми  кітапхананың  директоры:

- Ал енді бұның құндылығы бүгінгі құндылығы қазіргі уақытқа сәйкес кеп отыр,өйткені әліппені ондаған жылдар бойы біліммен сусындатқан әіппе қайтып келе жатқанда, сол ертеңгі күні балаларға сабақ беретін мұғалімдерге әдістемелік көмек болатынына сенімдіміз.

Тіл мамандарының айтуынша бұл әліппелер әр тілде болғанымен, мақсаттары ортақ.

Бақытжан Келгенбаева, кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру орталығының  директоры:

- Әрбір әліппенің ерекше құндылығы бала дүниетанымын ұлттық негізде қалыптастыру.Ең бірінші А десе мысалы таңбаланауын Ата,Ана деген сияқты күнделікті естіп жүрген ұғымына сіңісті сөздермен басталады.

Келер оқу жылында «Әліппе» мен «Ана тілі» оралады деп жоспарланып жатқан тұста, бұндай тарихи деректердің маңызы зор дейді ұстаздар.Сондықтан олармен цифрлы форматта да танысуға болады.

Айта кету керек, бұл еліміздегі жалғыз «Әліппелер коллекциясы».

Авторлар: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы