426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардың «Ертіс» мультимедиялық музейінде ерекше көрме өтіп жатыр

  • 186
  • UPD: 09:13, 12.09.2020
Павлодардың «Ертіс» мультимедиялық музейінде ерекше көрме өтіп жатыр

Көрермен назарына ежелгі мысыр мумияларының дәлме дәл көшірмелері ұсынылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғажайып экспозицияларды Ертіс өңіріне Санкт-Петербург музейі наурыз айында әкелген болатын. Бірақ карантинге байланысты музей ұзақ уақыт бойы жабық тұрды. Көрме залында пирамидаларға жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлерден перғауындарға байланысты түрлі мағлұматтар берілген. Экскурсия жетекшілері байлар мен кедейлердің жерлеу рәсмідеріндегі айырмашылықтарды, мумия жасаудың құпиялары туралы мәліметтер келтіреді. Мысалы, бай адамды жерлеу рәсімі 90 күнге дейін созылған екен.

Жәния Жәнібекова, экскурсия жетекшісі:

- Бұл көрмеде Мысыр елінің өмірі, мәдениеті туралы көрсетілген. Яғни көбінесе мұнда мумиялар ұсынылған. Бұл жерде мумия жасаған кезде қолданылатын құралдар, сонымен қатар бірінші фараоны саркафагі көрсетіліп тұр. Яғни фараондарды жерлеген кезде олардың құлдарымен бірге дүниесін бірге жерлеген екен. Сонымен қатар әділет таразысы бар.

Хабар 24 телеарнасы