427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данэлия Тулешова America's Got Talent байқауында жеңіске жете алмады

  • 188
  • UPD: 09:38, 24.09.2020
Данэлия Тулешова America's Got Talent байқауында жеңіске жете алмады

Данэлия Тулешова америкалық America's Got Talent шоуында жеңіліп қалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Биылғы America's Got Talent байқауында 1-орынды Брендан Лик атты қатысушы жеңіп алды. Ол 1 млн доллар жүлденің иесі атанды. Дауыс беру нәтижесі конкурстың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Данэлия Тулешова Америкада бір тәулікке созылған дауыс беру нәтижесі бойынша үздіктер қатарына енді.

Еске сала кетейік, Данэлия Тулешова шілде айының соңында америкалық America’s Got Talent жобасының үшінші турына өткен болатын. Әлемге танымал байқау пандемияға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды.

Кейін қазақстандық жас әнші America's Got Talent таланттар шоуының финалына өтті.

Кеше 14 жасар қазақстандық жас дарын байқаудың финалында өнер көрсетіп, Sia атты танымал әншінің «Alive» әнін шырқады.

Хабар 24 телеарнасы