422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кинотеатр басшылары Қ.Тоқаевқа петиция жолдаған

  • 123
  • UPD: 15:29, 19.10.2020
Кинотеатр басшылары Қ.Тоқаевқа петиция жолдаған

Қазақстан кинотеатарларының пандемия басталғалы бері шығыны кемі 20 миллиард теңгеден асып жығылды.

7 айға жуық табыс көрмеген саладағы 10-ға жуық нысан жабылып қалған. Осыған қарамастан кинозалдарды ашу жоспары әлі де жоқ. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. Ал кинотеатр басшылары болса ведомствоаралық комиссия бұл саланы қасақана қысқпаққа алып отыр деп есептейді. Сәйкесінше Президентке арнайы петиция жолдаған. Себебі театрлар мен өзге де нысандарға белгілі бір шектеу шараларын сақтай отырып, мәдени шаралар өткізуге рұқсат берілген. Алайда санитарлық мамандар кинотеатрлар індеттің таралу қаупі жоғары орын болып есептеледі деген пікірде. 

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Министрлік ретінде бұл сала біздің бақылауда. Өз тарапымыздан кинотеатарларды ашу жөніндебірнеше мәрте  өтініш жібергенбіз. Алайда ведомства аралық комиссия әзірге оларды ашуға рұқсат бермей отыр. Тіпті кейбір мемлекеттерде кинотеатрлар ашылып, қазір қайта жабылып жатыр. Сондықтан асықпаған жөн.

Хабар 24 телеарнасы