423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«New Music Generation 2020» II халықаралық композиторлар байқауы өтіп жатыр

  • 82
  • UPD: 09:15, 19.11.2020
«New Music Generation 2020» II халықаралық композиторлар байқауы өтіп жатыр

Елордада 21 қарашада «New Music Generation 2020» халықаралық композиторлар байқауының жеңімпазы анықталады.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты қазылар алқасы партитураларды онлайн форматта қарайды. Байқау симфониялық, камералық және вокалдық туындылар бойынша өтіп жатыр. Қатысушылар үш санатқа бөлінген: алғашқы топта 15 жасқа дейінгі композиторлар, екінші топта 15 пен 25 жас аралығындағы өнерпаздар бақ сынайды. Ал үшінші топтағы үміткерлердің жасы 25 пен 35-тің аралығында. Айта кетейік, халықаралық байқауға қатысуға әлемнің 22 мемлекетінен 98 композитор ниет білдірген.

Рахат-Би Әбдісағин, қазылар алқасының төрағасы:

– Әрине, мұндай ауқымды байқаудың ұйымдастырушысы болу – үлкен бақыт. Пандемияға қарамастан, Қазақстанда мәдениет саласы назардан тыс қалған жоқ. Бұл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен өнерпаздар қатысып жатыр. Мұнда қатысушылар өз туындыларын жеке ұраны және құпиясөз арқылы жасырын түрде ұсынады. Дауыс беру аяқталған соң қатысушылар туралы ақпаратты аламыз. Бұл конкурстың әділ өтуін қамтамасыз етеді.

Хабар 24 телеарнасы