427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасы өмірде болған оқиғаға негізделген фильм түсіріп жатыр

  • 238
  • UPD: 21:38, 11.12.2020

«Хабар» Агенттігі «Мен Отаныммен жерлестерімді не үшін жақсы көремін?» атты өмірде болған шынайы оқиғаларға негізделген көркем фильм түсіріп жатыр.

Елдің рухын көтеріп, отанды сүюге тәрбиелейтін кинокартина арамызда жүрген бүгінгі күннің батырларына арналады. 50 киноновелладан тұратын фильмнің бір сериясы ақтаулық полицей жайлы. Тәртіп сақшысы қылмыскерлер ұрлап кеткен кішкентай қызды іздеу жолында түрлі кедергілерге тап болады. Кино желісі бойынша 1 жарым жасар қызды іздеуге ақтаулық күш құрылымдары түгел жұмылдырылды. Қылмыстық топ баланың дене мүшелерін сатпақ болған. Бүлдіршінді құтқару жолында тергеуші басын қатерге тігеді. Бұл рольді Төребек Сайлауұлы сомдайды. Әсіресе капитан мен қыздың кездесу сәті шынайы шыққан. Бұл Анисаның басты кейіпкердің туған қызы болғанынан да шығар.

Төребек Сайлауұлы, актер:

- Кейіпкердің батылдығы баяндалады және полицей мен кішкентай нәрестенің арасындағы мейірімділік, адамгершілік қасиеттері баяндалады. Мен ойнап жатқан кейіпкер ақылды және дұрыс шешім қабылдағыш. Кәсіби шеберлігі арқылы нәрестені, қылмыскерлерді табады. Осы қасиеттер баяндалады осы киноновеллада.

Еліміздің әр аймағында түсіріліп жатқан кинокартиналар топтастырылып, сериал желтоқсан айында «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы