420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бақтықожа Ізмұхамбетовтің екінші кітабы жарық көрді

  • 341
  • UPD: 23:06, 21.12.2020
Бақтықожа Ізмұхамбетовтің екінші кітабы жарық көрді

Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовтің екінші кітабы жарық көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыршыл поэзиямен, өміршең өлеңдерден құралған жинақ «Қоршаса ойлар...» деп аталады. Туындыда саясаткердің Йемен елінде қызметте жүрген кездегі Отанға деген сағынышы, кейінгі жылдардағы өмір толғаныстары мен тың туындылары топтастырылған. Кітапты басып шығаруға әріптестері түрткі болыпты. Тұсаукесерге депутаттар, қоғам қайраткерлері, Жазушылар одағының мүшелері қатысты.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, кітап авторы:

- «Қоршаса ойлар шырғалаң, Шыға алмай жүремін шырмалып» дейтін өлең жолдарым бар. Бұл өзімнің философиям. Өлең жазу деген, мен жүрген жерде айтып жүремін, адам оқып мамандық алады, жұмыс жасайды. Ал, кей адамдарда, мысалы, өнерде ол әуелде адам бойында болатын көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы