Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғылыми өндірістер нарыққа жол тартты

  • 560
  • UPD: 16:30, 09.01.2017

Қазақстанда құс шаруашылығында пайдаланатын жемге арнайы қоспа жасалды.

Енді еліміздегі бұл шаруашылықтың пайдасы одан әрі арта түседі. «Фитаза» деп аталатын жаңа өнім биыл нарыққа шығарылады. Мемлекеттік грантқа ие болған жоба жайында тілшіміз тарқатады.

5 жыл бойғы ғылыми зерттеу өз нәтижесін берді. Құс шаруашылығының өнімділігін арттыратын бұл қоспа «Фитаза» деп аталады. Ұлттық биотехнологиялық орталықта жасалған өнім жақын арада нарыққа жол тартады.

Ерлан Раманқұлов, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» АҚ бас директоры:

- Біз жасаған өндірістік технологияның өте тиімді болуында. Жасалған технологияның нарығындағы бәсекелестермен терезесі тең шығуымызда.

«Фитаза» ғалымдардың айтуынша, құс бойына фосфордың сіңімділігін арттырады. Нәтижесінде құстар жылдам салмақ алады. Өзге қоспаның тіпті керегі шамалы болып қалады. Өнімнің экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар экологиялық жағынан да пайдалы екендігі анық байқалады. Осыған дейін мұндай өнімді Қазақстан Қытай, Мексика және Еуропа елдерінен алып келді.

Ерлан Раманқұлов, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» АҚ бас директоры:

- Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 35 млн құс басы бар. Бұл көрсеткіш әлі де өсіп келеді. Біздің «Фитаза» соларға қатты керек. Біздің «Фитаза» жылына 10 мың тонна сұранысқа ие.

Алдағы үш жылға өнім жасаушылар мемлекеттен 260 млн теңге көлемінде қаржы алып отыр. 2019 жылға қарай олар жылына 4 мың келі өнім шығармақшы. Мұндай мүмкіндікті өтініш білдірген 300-ден 30 жоба жеңіп алған. Қаржының басым бөлігін ғылым қоры береді. Бұл өнімге осы күні жеке инвесторлар да көңіл бөле бастады. Бұл ғылыми жаңалықтарға мелекеттік гранттар индустриалды-инновациялық дамудың аясында берілуде. Олардың иегерлері көбінесе тамақ өндірісі және фармакологиялық құралдар шығаратын кәсіпорындар. Олардың қатарында қалдықтарды қайта өңдейтін де кәсіпорын бар. Мұндай қажетті жобаларға мемлекет шамамен 1 млрд теңге бөлген.  

Авторлары: Ермұхамед Мәулен, Марат Таубаев

Хабар 24 телеарнасы