387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда 12 жастағы қыз бала сырғанақтан құлап, қаза тапты

  • 700
  • UPD: 16:19, 06.01.2017
Қостанайда 12 жастағы қыз бала сырғанақтан құлап, қаза тапты фото: Printnv.Ru

Оқиға Қостанайдың жанындағы Затобол кентінде болған.

Белгілісі, жеткіншек сырғанаққа ата-анасымен бірге келіпті. Ол биіктен төменге құлдилап түсіп, орнынан тұра бергенде соңынан сырғып келе жатқандар соғып кеткен. Сол сәтте қыз бала басымен мұзға құлаған. Туыстары жедел ауруханаға жеткізгенімен, жеткіншек есін жимаған. Арада 12 сағат өткенде жан тапсырған. Дәрігерлер қатты соққыдан қыз баланың миына қан құйылған деп отыр. Осы оқиғаға байланысты қазір сотқа дейін тергеу жүріп жатыр. Әзірге сырғанақта қауіпсіздік ережелері бұзылғандығы туралы мәлімет жоқ.

Автор: Абылай Мауданов.

Хабар 24 телеарнасы