388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда ауыл тұрғындары арасында өз ісін ашуға ниет білдіргендер қатары көбейіп келеді

  • 548
  • UPD: 20:29, 15.01.2017

Оралда ауыл тұрғындары арасында өз ісін ашуға ниет білдіргендер қатары көбейіп келеді.

Соңғы 4 жылда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 100-ден астам адам жеңілдетілген несие алған. Бизнес жобаларды бастап кетуге 250 миллион теңге бөлініпті. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, кәсіптен нәсіп көріп отырғандар аз емес. Аңсарбек алғашқыда жекеменшік жарнама агенттіктері мен жиһаз жасау цехтарында тәжірибе жинапты. Телеарнаның кадрдан тыс қым-қуыт тірлігі де оған жақсы таныс. Жергілікті өнер колледжінде дизайн мамандығы бойынша білім алған. 2011 жылы отбасын құрған. Өмірлік жары да өзі секілді дизайнер мамандығын меңгеріпті. Өмірлік ұстанымы ортақ екі жас кешікпей жеке кәсібін бастап кетті.

Аңсарбек Сарыбаев, кәсіпкер:

- Екеуіміз бірлесіп отырып жоспар құрдық. Алдағы жылдары өз ісімізді бастайық деген. Сосын жұмыс істей жүріп, іздене жүріп халыққа қызмет көрсету орталықтарынан және де мына жұмыспен қамту орталықтарынан ақпараттар алып, жастарға беріліп жатқан несиелер туралы білдім.

Бизнес жоспар бекіді. Талаптары тиімді несие де қолға тиді. Қондырғыны Қытайдан, қажетті материалдарды Шымкент қаласынан сатып алу керек деп шешті. Кешікпей, бұл мақсат та орындалды.

Аңсарбек Сарыбаев, кәсіпкер:

- Бұл несиенің біз секілді жастарға көмегі көп болды. Өйткені қазір оқу бітірген жастар көп те, жұмыс жетіспей жатыр. Бірақ, олай қалмау керек, жұмыс жетіспейді деп, жұмыстануға болады егер мемлекеттің беріп жатқан көмектерін пайданса. Сол бізге ең көмек болған жері осы несиенің бастап кетумізге бірінші қаражат болды.

Зайыбы Бекзат та қарап отырмады. Он саусағынан өнер тамған шебер қыз жасауына қажетті бұйымдарға тапсырыс алды. Сұраныс та бар. Мысалы, мына әсем сөмкелер сегізінші наурызға сыйлық ретінде жасалып жатыр. Бір миллион теңге көлеміндегі кіріс – жас отбасының осы жазда тапқан таза пайдасы. Тапсырыс көлемі артып келеді. Сондықтан тағы екі адамды жұмыспен қамту ойда бар.

Бекзат Уәлиахметова, А.Сарыбаевтың зайыбы:

- Жоладасым лазерлі станокпен ойып, кесіп әкеліп береді. Соның үлгілерін мен машинкаға салып, тігіп осындай 8 наурызға арналған сөмкелер дайындап жатырмыз. Қыздар көбіне заказ береді. Бір айға үлгереміз көрпе, қыз жасауын дайындап. Сандық жасайды жолдасым. Мен көрпелерін дайындап беремін.

Болат Есбек, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы:

- Орал қаласы бойынша ауыл тұрғындары болып Қашаған кентінің тұрғындары, сосын Круглоозерный кенті, Деркөл, Желаев ауылының тұрғындары есетпеледі. Осы ауылдың тұрғындары несиенің негізі бөліктерін алды. Ең бір көп игерілетін тұрмыстық қызмет көрсету жұмыстары. Осындай бағыттарға көбіне алады. Пластик терезелер шығару, керамзит, арбалит блоктастар шығару деген сияқты өндіріске де алып жатқан азаматтар бар.

Қазынаға қайтарылған қаржы жаңа бизнес жобаларды қолдауға жұмсалады. Биыл аталған бағдарлама талаптарында өзгерістер бар. Жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша, қазірдің өзінде 100 шақты озық жобаны несиелендіру көзделіп отыр.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов.

Хабар 24 телеарнасы