387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында әкімшілік кедергі азаяды

  • 774
  • UPD: 19:57, 19.01.2017

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы тексерулер қисынсыз жүргізіледі.

Бүгін бұл туралы Бас прокуратура өкілдері кәсіпкерлер құқығын қорғауға арналған кеңесте мәлімдеді. Мамандар сөзіне сүйенсек, кәсіпкерлерді шамадан тыс тексеру шаралары азаймай келеді. Әсіресе, санитарлық жағдайды бақылау барысында жемқорлық деректері жиі кездеседі. Оған қоса, ескірген ережелер де жетіп-артылады. Соның салдарынан бір ғана Қарағанды облысында былтыр 200-дей кәсіпкерлік құрылымға қисынсыз тексеріс жүргізіліп, орынсыз айыппұл салынған. Осы ретте санитарлық қадағалау талаптарын азайтып, әкімшілік кедергілерді жою көзделіп отыр.

Ербол Өстеміров, «Атамекен» ҰКП департамент директоры:

- Санитарлық-эпидемиологиялық органдарды алатын болсақ, олар тарапынан кәсіпкерлерге 11500 талап қойылады. Өздеріңізге белгілі, Кәсіпкерлік кодексі бойынша тек қана тексеру парағына енгізілген талаптарды қоюға болады. Сондықтан біз олардың тексеру парағына енгізілген 11500 талапты зерттеп, Бас прокуратурамен, Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жасадық. Соның ішінде 80%-ын алып тастауға ұсыныс бердік.

Марат Сексембаев, ҚР Бас прокуратурасының департамент басшысы:

- Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы тексеру парағында 83 талап бар. Оның 32-сі сауда орындарына қатысты. Қалғаны азық-түлік өндірісі мен қоғамдық тамақтану орындарына қолданылады. Сондықтан жеке-жеке тексерістер жүргізіледі. Бірақ, іс жүзінде барлығы басқаша.

Хабар 24 телеарнасы