380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әуежай қызметкерлері жолаушылардың бағалы заттарын ұрлап келген

  • 690
  • UPD: 21:18, 08.02.2017

Алматы халықаралық әуежайында жолаушылардың сөмкесінен бағалы заттар мен ақша ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды.

Ұры алыстан келмепті, әуежайда жүк таситын өз қызметкерлері екен. Жүктерді ұшаққа тиер кезде сұғанақтардың сөмкелерді ақтарып, ірі көлемдегі қаржы мен зергерлік бұйымдарды және қымбат смартфондарды жымқырып отырғаны анықталды. Соңғы кезде әуежай полициясына шағым айтқандар қатары көбейіп кеткен болатын. Ал ұрыларды қолға түсіру қаңтар айының соңынан басталған. Ұрлыққа бес адамның қатысы бар екені белгілі болды. Олардың төртеуі қамауға алынып, біреуіне іздеу жарияланды. Күдіктілер әуежай терминалында бір жарым жылдай жұмыс істеп келген.

Ғабит Арғымбаев, Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция тергеу бөлімінің басшысы:

- Бұл топтың ісі 3 ақпан күні транзитпен Алматыдан Ашхабадқа ұшқан Түрікменстан азаматы тоналған сәтте әшкере болды. Олар жолаушының 3100 долларын жымқырып кеткен. Сұққолдылар топ болып жүріп ұрлық жасайтын көрінеді. Енді бұл топ мүшелерінің басқа да ұрлық әрекеттерін әшкерелемекпіз.

Хабар 24 телеарнасы