386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы құрылысшының өліміне қатысты арнайы комиссия құрылады

  • 530
  • UPD: 19:16, 13.02.2017

Петропавл қаласындағы құрылысшының өліміне қатысты арнайы комиссия құрылады.

Оның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, мердігер ұйымдардың өкілдері, бригада басшысы мен марқұмның әріптесі кіреді. Өткен сенбі күні жаңадан салынып жатқан 12 қабатты үйден 24 жастағы жұмысшы құлап, сол жерде тіл тартпай мерт болды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, марқұм қосалқы мердігер ұйымның жұмысшысы болған.

Арман Жәлелов, облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып жатыр. Олар 10 күннің ішінде тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның анық-қанығын анықтайтын болады. Қайғылы жағдайдың нақты себебі сонда белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы