384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында Ақсу қант зауыты іске қосылатын болды

  • 916
  • UPD: 12:59, 03.03.2017

Биыл Алматы облысындағы Ақсу қант зауыты қайта іске қосылады.

Тоқырауға ұшырағанына 15 жыл болған бұл кәсіпорын инвестицияның жоқтығынан жабық тұрған еді. Зауыт біраз уақыт жабық тұрғанмен, сол күйі сақталған. Дегенмен оның толық қуатында жұмыс істеп кетуі үшін кемінде 8 млрд теңге қажет. Осы мәселе бойынша облыс әкімдігі мен отандық инвестор арасында келісім жасалып, арнайы меморандумға қол қойылды. Сөйтіп, көптен күткен инвестор табылды. Енді жоспарға сәйкес, Жетісу жеріндегі қант қызылшасының алқаптарын 9 мың гектарға жеткізуге толық мүмкіндік бар. Қазір алдағы егіс науқанына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ақсу, Алакөл және Сарқан аудандарының шаруа қожалықтары биыл өсірген өнімдерін өткізу мәселесінде еш қиындық көрмеуі тиіс. Енді олар жиған-терген өнімдерін тікелей Ақсу зауытына өткізеді. Ал Көксу Ескелді мен Қаратал аудандарының қызылшасын Көксу қант зауыты қабылдайтын болады.

Сәкен Мұратов, инвестор:

- Биылғы міндетіміз – зауытты қалпына келтіру. Кәсіпорынның қайтадан жұмыс істеп, қант өндіре бастауы үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Болашақта жаңғырту жұмыстарын жүргіземіз. Зауыт автоматтандырылып, толық қуатына көшкен соң мұнда күніне 6 мың тонна қызылша өңделетін болады.

Жақан Қылышбеков, шаруа қожалығының басшысы:

- Ақсу қант зауытының ашылуы үлкен маңызды шара. Бұл енді ауданда жалғыз шаруалардан қант қызылшасын қабылдап, өндіруден басқа жұмыс орындары ашылады жаңадан. Қанша адам жұмысқа кіреді.

Хабар 24 телеарнасы