386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдық еріктілер мұқтаж жандарға нанды тегін таратып жүр

  • 894
  • UPD: 15:27, 11.03.2017

Оралдық еріктілер әр аптаның жұма күні көмекке мұқтаж жандарға ас атасын тегін үлестіреді.

Қайырымды қала тұрғындары берген қаржыға қамқорлыққа зәру адамдарға қажет сүт пен нан өнімдері сатып алынады. «Тегін нан мен сүтті алуға көбіне егде жастағы адамдар келеді», - дейді ұйымдастырушылар. Еріктілер бұған қоса дәрі-дәрмек пен киім-кешек жинаумен де айналысады. Балалар үшін тегін жәрмеңкелер мен өнер сайыстарын өткізіп тұрады. Жиналған қаржы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға жұмсалады.        

Тұрсынзада Бегалиева, қала тұрғыны:

- Міне, көктемнің уақыты болып жатыр, қазір енді сүт қосып жатыр. Одан кейін айран қосар жаздың уақытында деп жатырмыз. Көп-көп рақмет айтамыз осы халыққа қарасып, сол зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға қарасып жатқандарға.   

Ғалия Бекқожиева, ерікті:

- Зейнеткерлер көбіне сүт сұрап жатады. Сондықтан, нан өнімдерімен шектелмей, оны да қосып отырмыз. Жақсылық жасауға жаны құмар жандар әркез қаржылай көмектесіп, ақшаларын аударып тұрады. Әр дүкенге біз 2800 теңгеден жұмсап, мұқтаж жандар үшін 40 бөлке нан сатып аламыз.

Хабар 24 телеарнасы