389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде Наурыз дастарқанына арнайы 7 мың литр көже мен 5 тонна бауырсақ пісірілді

  • 651
  • UPD: 19:05, 22.03.2017

Батыс өңірдегі Ақтөбе жерінде қыстың ызғары қайта қойған жоқ. Көктемнің кеш келетін түрі бар. Алайда халық жыл басы - Ұлыстың ұлы күні Наурызды шат-шадыман қарсы алды.

Барлық саябақтарда киіз үйлер тігіліп, жиналған жұрт наурыз көжеден дәм татып жатыр. Ақтөбеліктер жылдағыдай Ұлыстың ұлы күнін бар сән-салтанатымен тойлап жатыр. Күннің ызғары қайта қоймаса да, көпшіліктің көңіл-күйі көтеріңкі.

Қала бойынша оншақты ауыл бой көтеріп, 50-ден астам киіз үй тігілді. Ең басты мерекелік шаралар Тұңғыш Президент атындағы саябақта өтіп жатыр. Үлкен даңғылдың бойында қазан асылып, наурыз көже таратылып жатыр. Биыл 7 мың литр көже мен 5 тонна бауырсақ пісірілген. Наурыз молшылық пен ырыстың мейрамы десек, бүгін барлық киіз үйдегі дастархан дәмге толып тұр. Жұртшылық ауыз тиіп, бір-бірін құттықтап, ақ тілектерін айтуда. Саябақтағы сахнада мерекелік концерт өтіп жатыр. Қаладағы Достық үйінің этно-мәдени бірлестіктері мен өзге де өнер ұжымдары ән мен биден шашу шашуда. Саябаққа, мерекені тамашалауға көбі отбасымен келген. Көңілді қуантатыны бұл мейрамның мән-мағынасы мен қадір-қасиетін түсініп, Наурызды асыға күтетіндердің қатары көбейіп келеді. Ақтөбеліктер Наурыз мейрамын дәл осылай тойлауда.

Мерекелік шаралар мұнымен шектелмейді, әлі бірнеше күнге жалғасып, жер-жерде түрлі бағдарламалар ұйымдастырылады. 

Хабар 24 телеарнасы