384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушы: Қазақтың мәдениеті мен салт-санасын дүниежүзілік деңгейге көтеру керек

  • 547
  • UPD: 21:21, 14.04.2017

Қазір қоғамда қазақтың әліпбиін латынға көшіру қызу талқыланып жатыр.

Елбасының мақаласында аталған маңызды мәселенің бірі ұлттық код, яғни қазақ халқын халықаралық деңгейге шығаратын ұлттық бренд қалыптастыру. «Қазір әр халық әлемге өз мәдени ерекшеліктерін кино арқылы паш етіп жатыр. Сондықтан біз де қазақтың мәдениеті мен салт-санасын дүниежүзілік деңгейге көтеріп, батыс пен шығыстың өзгешеліктерін саралай білуіміз керек», – дейді саясаттанушы Ерлан Саиров.

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

- Ең негізгі мәселе – қазақтың салт-дәстүрін, қазақтың мәдени кодын халықаралық гуманитарлық, экономикалық процестерге сәйкестендіріп, сол процестерге ілестіріп жіберу. Сонымен бірге бүгінгі таңда қазақ халқының, қазақстандықтардың санасын дүние жүзінде болып жатқан жаңашылдық, инновациялық, технологиялық басқа бір деңейге көтеру.

Хабар 24 телеарнасы