386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы ардагер «Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов» медалімен марапатталды

  • 561
  • UPD: 16:59, 03.05.2017

Петропавлдық соғыс ардагері Джура Кобелев 100-ге толды. Мерейтой иесін тәртіп сақшылары құттықтап, «Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов» медалімен марапаттады.

Отан үшін от кешкен қарт майдангер Сталинград шайқасында ерлік көрсетіп, жойқын жарылыстан жарақат алған. «Қызыл жұлдыз» орденінің кавалері соғыстан кейін 25 жыл қалтқысыз құқық қорғау қызметінде жұмыс істеді. Жауынгер жүз жасаса да, сергек. Салтанатты жиын барысында әріптестері оның өнегелі өмірін үлгі етіп, сый-құрмет көрсетті.

Джура Кобелев, ҰОС ардагері:

- Мен өз өмірімді мақтан тұтамын. Осы өңірде өсіп-өндім. Жұмыс істедім. Бақыт деген осы шығар. Мәнді де, мағыналы ғұмыр кешу керек.

Хабар 24 телеарнасы