387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеліктер ара өсіріп, бал жинау ісін дамытуға ниетті

  • 878
  • UPD: 16:40, 08.05.2017

Ірілі-ұсақты отызға жуық шаруашылық бірігіп, үлкен кооператив құрған.

Ендігі міндет осы саланың жұмысын жетілдіру. Бұл орайда, ауыл шаруашылығы министрлігі мен кәсіпкерлік палатасы арнайы жоба жасады. Оның аясында өңірдегі омарташылардың басын қосып, көшпелі семинар өткізді. Мақсат ауылдағы кәсіпкерлікті дамытып, шаруаларға қолдау көрсету. Бал арасы шаруашылығының кәнігі маманы Александр Сенацкий ісін жаңа бастаған шаруаларға кәсіптің қыр-сырын үйретіп жүр. Өзі 90-шы жылдардан бері ара өсірумен айналысады. Желтау ауылдық окургінде 71 омарта ұстап отыр. Александрдан ақыл-кеңес алуға келген омарташылар көкейде жүрген сауалдарын қойып, шаруашылық туралы толық мәлімет алды. Көршілес Мәртөк ауданының шаруасы Надежда Усова бірнеше жылдан бері осы кәсіпті қолға алыпты.

Надежда Усова, омарташы:

- Атам омарташы болды. Күнделікті асқа балды көп пайдаланғандықтан болар, 90 жасқа дейін өмір сүрді. Бал арасы шаруашылығына деген қызығушылығым жоғары. Қазір барынша сапалы өнім дайындап отырмын. Осындай көшпелі семинарларда көп нәрсені үйренеміз.

Көшпелі семинар өткен Сенацкидің шаруашылығында кооперативтің негізгі базасы орналасқан. Тәжірибелі шаруада қолайлы алқап пен арнайы техника бар. Жылына 2-3 тонна өнім алады. Мұнда көрші облыстардан да омарташылар келіп, шаруашылықпен танысып кетеді.

Ғабит Нұрәділ, Қазақстан омарташылары Одағының вице-президенті:

- Біз лекторлар дайындаймыз, олардың лекциясының сапасы, омарташылар неге қызығады, қай салаға акцент салу керек, соған көңіл бөлеміз. Бізде орман да бар, сай да бар, дала да бар, тау да бар, барлық мүмкіндік бар омарташылықпен айналысуға. Және алдымыздағы үлкен мақсатәлемдегі бал өндірушілердің көшбасшысы болу.

Семинарда Омарташылар Одағы мен кәсіпкерлер палатасы осы саланы дамыту мәселелерін талқылады. Шаруаларға арналған шеберлік сағаттарын өткізу жоспарланды. Біраз омарташы Израиль еліне барып, тәжірбие жинайтын болды. Жалпы еліміз бойынша 12 мың ара шаруашылығы тіркелген. Олар 5 млн-ға жуық омарта ұстап отыр.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев.

Хабар 24 телеарнасы