386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай мен Ресей шекарасында көлік кептелісі пайда болды

  • 612
  • UPD: 07:43, 23.05.2017

Шекарада көліктер ары-бері жүре алмай, ұзын-сонар кептеліс пайда болды.

Бұл Қостанай облысындағы «Қайрақ» бекетіндегі жағдай. Себеп жаз басталғалы өтетін адам мен көлік саны қыстағыға қарағанда, екі есе өскен. Қазір Қазақстаннан күніне 500-дей көлік Ресейге жол тартса, көрші елден де осынша шамада техника бері қарай ағылады. Оның тең жартысы тауар тиеген жүк көліктері.

Жалпы Қостанай облысында шекара бойынша 7 автожол бекеті бар. Соның ішінде ең инфрақұрылымы тәуір болғандықтан, білетін жұрт осы «Қайрақ» бекеті арқылы қатынайды. Енді шекарашылар маусымға байланысты туындаған жағдайды жеңілдету үшін қосымша күш жұмылдырған.

Ерзат Әкеев, ҚР ҰҚК шекаралық бақылау бөлімінің аға офицері:

– Қазіргі тұрып жатқан көліктер жүк көліктері ғой. Жүк көліктерін тексеретін өзінің сызбасы болады. Сол сызба бойынша жүк көлігін тексеріп шығу үшін 20 минуттай уақыт кетеді. Сонда санаңыз, 100 машинаға есептесеңіз, солай шығып тұр өзі. Оны тексермей, өткізе алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы