378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Uralsk Green Forum» атты халықаралық экологиялық форум өтті

  • 833
  • UPD: 23:30, 31.05.2017

Орал қаласында «Карашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясы ЕХРО-2017 көрмесі және Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында «Uralsk Green Forum» атты халықаралық экологиялық форум өткізді.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қамтыған шара ҚР Энергетика министрлігінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және табиғатты қорғау прокуратурасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Форум мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және энергияны үнемдеу мәселелерін оңтайлы шешу. Бұл ретте мұнай-газ өнеркәсібі саласында тиімді қатынас және ақпараттық-іскерлік пікір алмасудың, сонымен қатар жасыл экономика тұжырымдамасы шеңберінде өзара әрекеттесу алаңын құрудың маңызы зор, - дейді мамандар.

Марат Кәрімов, «КПО» консорциумы бас директорының орынбасары:

- Осы экологиялық форум табиғатты қорғау, энергияны үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру мәселелерін бизнес және мемлекет арасында ашық талқылау үшін бірегей мүмкіндік берді. Бұл шараның бірқатар оң нәтиже беретініне және республиканың мұнай-газ өнеркәсібіндегі экологиялық бағыттылықтың қарқынды жетілуіне, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының және жалпы еліміздің одан әрі тұрақты дамуына  септігін тигізетініне сенімдімін.

Форум барысында қоршаған ортаны қорғау, жасыл технологиялар, энергия тиімділігін арттыру және қалдықтарды қайта өңдеу сияқты салалар бойынша тер төгіп жүрген 80-нен астам сарапшы өз ойын ортаға салды. Шараға салалық министрліктер және ведомстволар басшылары, билік органдарының өкілдері, ұлттық және халықаралық мұнай-газ компанияларының басшылығы мен қоғамдық бірлестіктер жетекшілері қатысты.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы